Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мексиканың солтүстік-шығысында есірткі картелінің мүшелері әскери конвойға шабуыл жасады

 

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. 19 шілде күні Мексиканың солтүстік-шығысында Тамаулипас штатында 15 көлікке мінген қаруланған азаматтық тұлғалар тобы әскер конвойына шабуыл жасады.Әскери қызметшілер кері соққы беріп, шабуылдың екі қатысушысын өлтірді, бұл ретте бір сарбаз жарақат алды, деп Televisa телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Қақтығыс АҚШ-пен шекаралас Мигель-Алеман муниципалитетінде орын алды. Шайқастан кейін әскери күштер алты көлікті, соның ішінде біреуі бронды, бірнеше атыс қаруын, соның ішінде ірі калибрлі мерген винтовкасын алды. Билік шабуылға «Гольфо» есірткі картелінің мүшелері қатысты деп болжайды. Осы айдың басында әскери күштер сол аймақтағы АҚШ-пен шекаралас орналасқан Нуэво-Ларедо қаласының маңында басқа ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтын  12 содырын жойған.

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор бейсенбі күні оның үкіметі ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықпен келіссөздер жүргізбейтінін және оларға жеңілдік жасамайтынын мәлімдеген.

«Біз қылмыспен күресті жалғастырамыз және өзімізді қорқытып тостауға жол бермейміз», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Мексикада осы жылдың бірінші жартысында кем дегенде 14,6 мың адам зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Сәуір айының соңында Лопес Обрадор қауіпсіздік жағдайын өте қиын деп атаған және үкімет оны жақсарту үшін белсенді жұмыс істеп жатқандығын баса айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *