НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. «Талибан» қозғалысы содырлары өткен айда жасаған шабуылдарының салдарынан Ауғанстанның 420 бейбіт тұрғыны жарақат алып, қаза тапты. Бұл туралы Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жариялаған мәлімдемеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады.
Мәлімдемеде: «17 маусым мен 18 шілде аралығында елдің 30 провинциясында «Талибан» қозғалысы (ҚР тыйым салынған ұйым) тарапынан күш қолдану салдарынан Ауғанстанның 129 бейбіт тұрғыны қаза тауып, 291 адам жарақат алды» делінген.
Сонымен қатар, мәлімдемеде «Талибан» қозғалысының зорлық-зомбылықты қысқартуға уәде бергеніне қарамастан, осы ұйымның содырлары елдің 30 провинциясында шабуыл жасауды жалғастыруда, бұл ретте Саманган, Кандагар және Нангархар провинцияларында бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар мен жараланғандар саны аса көп.