Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның шығысында жарылыc салдарынан 8 әскери қызметкер қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Ауғаныстанның шығысындағы Вардак провинциясындағы Сайед Абад ауданында әскери қызметшілердің автокөліктер легінің жанында жарылғыш зат орнатылған жүк көлігінің жарылысы салдарынан сегіз сарбаз қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алған, деп елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады.

«Бүгін күндіз лаңкес Сайед Абад ауданының Джагату елді мекенінде орналасқан ұлттық армияның автокөліктер легінің жанында жарылғыш зат салынған жүк көлігін жарып, өзін-өзі және 8 әскери қызметшіні өлтірді», — делінген мәлімдемеде.

Жарылыста тағы тоғыз сарбаз жарақат алды, делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде шабуыл үшін ешқандай топты айыптаған жоқ.

Вардак провинциясының кейбір аймақтарында белсенді әрекет ететін «Талибан» қозғалысының  (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары бұл оқиға туралы әлі түсінік берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *