НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Ауғанстанда лаңкестер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады. Бұл туралы Пажвак агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Шабуылды Чакансур аймағындағы «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР тыйым салынған ұйым) жасады.Салдарынан алты қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Сондай-ақ алты «Талибан» содырының (ҚР тыйым салынған ұйымның мүшелері) жойылғаны белгілі.
Бұған дейін хабарлағандай, 20 шілде күні Ауғанстанның Вардак провинциясындағы Сайед Абад аймағында болған жарылыс сегіз ауған сарбазының өмірін қиып, тоғызын жаралады. Оқиға күндіз болған. Бомба әскери көліктер легінің жанында жарылған.