НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. 18 шілде күні кешке полиция Швецияның орталығында орналасқан Болста қаласының орталығында 14 жасар жасөспірімді ұстады. Жігіттің жеке заттарын тексеру кезінде одан 26 кішкентай полиэтилен пакеттеріне салынған марихуана тәркіленді. Бұл туралы Fria Tider газетіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Жасөспірімді көше полиция патрулі ұстаған. Жас жігіт полиция қызметкерлерінің бірінің назарын аударды, кейін, 14 жастағы жасөспірім есірткі сатушы екені белгілі болды. Тінту кезінде одан 26 пакет марихуана, темекі сүзгісі мен қағаз, электронды таразы мен банкноталар алынды.
Полиция жас жігіттің қамқоршыларына тапсырылғанын растады. Табылған препараттардың жалпы салмағы 40 граммды құрады. Швецияның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бұл аз мөлшерде есірткі сақтау ретінде жіктеледі. Осылайша, жасөспірім ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.