НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында әскери базаға жасалған жанкешті шабуылда 2 әскер қаза тапты, деп TRT жазады.
Гильменд провинциясы мәлімдемешісі Өмер Зувак баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылшының бомба тиелген көлікпен Гильменттің Нахри Сырадж аймағындағы әскери базаны нысанаға алғанын айтты.
Зувак жанкешті шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және 6 әскердің жарақат алғанын білдірді.