Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Калининградта терроризмді қаржыландыру үшін айыпталған ресейлік қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Сот «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қаржыландыруға қатысы бар азаматтарға ақша аударған ресейлік азаматты қамауға алды. Бұл туралы Калининград облысы бойынша Ресей ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Ресей ФҚҚ аумақтық басқармасының тергеу бөлімі Ресей Федерациясының азаматына қатысты РФ Қылмыстық кодекстің 205 бабының 1-бөлігі «Лаңкестік әрекетке жәрдемдесу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаскүнем Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымын (ҚР — да тыйым салынған ұйым) қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың банктік карталарына ақшалай қаражатын бірнеше рет аударғаны анықталды», — делінген хабарламада. Калининград қаласының орталық аудандық соты айыпталушыны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Хабарламада қазіргі уақытта Калининград облысы бойынша Ресей ФҚҚБ заңсыз әрекеттерді жасауына ықпал еткен барлық мән-жайды, себептер мен жағдайларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқандығы көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *