НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік ұйымы 5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін өлтірді, деп TRT жазады.
«Боко Харам» твиттер арқылы 35 секундтық видео жарияланған еді. Осы видеода «Боко Харамның» өткен ай алып қашқан 5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін атып өлтіргені байқалды.
Аталмыш видеомен байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық координация офисінен әлі бір мәлімдеме жасалмады.
«Боко Харам» лаңкестік ұйымы 2019 жылы желтоқсан айында да 4 гуманитарлық жәрдем қызметкерін өлтірген еді.
Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан осы таңға дейін әрекет жасаған «Боко Харам» лаңкестік ұйымы 2009 жылдан бастап ұйымдастырған жаппай қырғындарында 20 мыңнан астам адам көз жұмды.
Ұйым 2015 жылынан осы таңға дейін көршілес елдер Камерун, Чад және Нигерде де шабуыл ұйымдастырды. Ұйымның Чад көлі қойнауындағы шабуылдарда кем дегенде 2 адам қаза тапты.