НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Ресей Федерациясында тыйым салынған «Джабхат ан-Нусра» тобының лаңкестері Сирияның Идлиб, Латакия және Алеппо провинцияларындағы елді мекендерге оқ жаудырды, деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкий брифингте хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазады .
«Өткен тәулікте Түркияның бақылауындағы заңсыз қарулы құрылымдар тарапынан оқ ату жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, Тель-Мардих елді мекеніне бір рет, Латакия провинциясындағы Икко елді мекеніне бір рет, Алеппо провинциясындағы Арбих елді мекеніне бір рет, Идлиб провинциясындағы Бсакла елді мекеніне, Мелладжа елді мекеніне «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымы(ҚР-да тыйым салынған ұйым) тарапынан бір рет оқ ату жағдайы тіркелді», — деп мәлімдеді Щербицкий.
Алеппо провинциясында ресейлік әскери полиция бөлімшелерінің патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Сондай – ақ, әскери авиация күшімен Метрас аэродромы — Швайхан – Айн-Иса – Телль-Эс-Самен – Хак-Эль-Сура – Квайрес — Метрас аэродромы бағыты бойынша әуемен патрульдеу жүргізілді.