НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Хасаке провинциясының солтүстік-батысындағы Рас Аль-Айн қаласында миналанған мотоциклдың жарылысы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды, деп жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап САНА агенттігі хабарлайды.
Жарылыс таңертең ерте көкөніс базарында болды. Жарылыс жол жиегіндегі тұрақта тұрған мотоциклге бекітілген жарылғыш құрылғының іске қосылуы нәтижесінде болды. Жарылыс 8 бейбіт тұрғынның өмірін қиды, негізінен әйелдер мен балалар болды. Сондай-ақ материалдық залал келтірілген.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Эль-Хасака провинциясында (Сирияның солтүстік-шығысында) болған бомбаның жарылуынан сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алған болатын . Сол кезде жарылыс Эль-Хасака провинциясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Рас-эль-Айн қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таль-Халаф аймағында болды.