Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ингушетияда белгісіз біреулер Ресейлік гвардия қызметкерінің көлігін атып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Ингушетияда белгісіз біреулер құқық қорғау органдары қызметкерінің көлігіне автоматты қарудан оқ жаудырды. Қызметкер оқиға орнында қаза болды, деп аймақтың жедел қызметтеріндегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Белгісіз біреулер Яндара ауылында құқық қорғау органдарының бірінің қызметкеріне автомат қарудан оқ жаудырды, ол оқиға орнында көз жұмды», — деді дереккөз.

Қазіргі уақытта Ингушетияның құқық қорғау органдары көлікке оқ жаудырған үш күдікті іздестіруде.

 «Үш күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде, шабуылдаушылар қызметкердің көлігінен тапаншаны алып кеткен», — деп хабарлады дереккөз.

Ол , сондай-ақ, шабуылдаушылар экстремистермен байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Құқық қорғаушылар осы нұсқаны қарастыруда», — деп қосты агенттіктің сұхбатшысы.

Өз кезегінде Ингушетия республикасы бойынша Ресей гвардиясының  аумақтық басқармасының баспасөз қызметі марқұмның жеке күзет қызметкері болғанын хабарлады. Ер адам Ингушетиядағы «Кавказ» тас жолы маңында көліктен өлі күйінде табылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *