Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде екі күнде 1,5 мыңнан астам нысан «миналанды»

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Зиянкестер Мәскеуде екі күнде 1,5 мыңнан астам нысанды «миналады», қауіпсіздік мақсатында 10 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы  құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды.

 «Дүйсенбі және сейсенбі күндері белгісіздерден денсаулық сақтау нысандарының, сауда орталықтарының, әуежайлардың, метрополитеннің  барлық станциялары мен басқа да әкімшілік ғимараттардың жарылыс қаупі туралы хабарламалар келіп түсті. Екі күннің ішінде 1,5 мыңнан астам нысан миналанған, қауіпсіздік мақсатында шамамен 10 мың адам эвакуацияланған», — деді агенттіктің сұхбатшысы.

Дереккөздің мәліметінше, тексеру кезінде елордалық метро мен әуежайлар жұмысын тоқтатқан жоқ, қызметкерлер мен жолаушыларды эвакуациялау жүргізілген жоқ.

«Барлық жағдайларда миналау туралы ақпарат жалған болды, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар табылмады», — деп қосты дереккөз.

 

Ресейлік қалаларда миналау толқыны 2019 жылдың қараша айында басталды. Белгісіз адамдар электронды пошта арқылы соттарда, мектептерде, сауда орталықтарында, дүкендерде, университеттерде жарылыс қаупі туралы ақпарат жібереді. 3 наурыздан бастап ұшақтардың борттарында жарылыс қаупі туралы хабарламалар түсе бастады.Қатерлердің ешқайсысы расталған жоқ. Ресейлік ФҚҚ «миналау» туралы мыңдаған жалған хабарламалар түскен бес шетелдік ресурстардың бұғатталғаны туралы хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *