НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Ресейдің Ішкі істер министрлігімен және Росей гвардиясымен бірлесіп, Волгоград облысында Ресей Федерациясында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» халықаралық экстремистік ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) әрекетін тоқтатты, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұяшықтың ұйымдастырушысы мен 5 мүшесіне қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 282.2-бабының 1 және 2-бөліктерінде («Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру») көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу әрекеттері барысында топ мүшелерінің мекен-жайы бойынша Ресей Федерациясының Әділет министрлігі экстремистік материалдардың Федералды тізіміне енгізілген көптеген әдебиеттер және аталған адамдардың «Таблиғи Жамағат» ұйымына (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қатыстылығын растайтын басқа да құжаттық материалдар табылып, тәркіленді .
Ресейдің Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 91-бабы бойынша бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
Қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.