НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз. Одесса облысының «Южный» портында полиция қызметкерлері шамамен 60 келі кокаин тапты. Бұл туралы 3 тамызда Одесса облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Мәлімдемеде есірткі партиясы Эквадордан әкелінгені және кедендік бақылаудан жасырылғаны айтылған. Тәркіленген кокаиннің қара нарықтағы құны 200 миллион гривеннен немесе 7,2 миллион доллардан асуы мүмкін, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция есірткі контрабандасына қатысы бар адамдар тобын анықтауда.