Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Перуде тұрған Чуваш Республикасының тумасы есірткі контрабандасы үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Мәскеу облысында есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Есірткіні сабын түрінде жіберді деп айыпталған, Перуде тұрған Чувашия Республикасының тумасы  сот алдына келді. Бұл туралы Чувашия  прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлайды. 

Істі қарау Мәскеу облысының Химки қалалық сотында өтті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұзақ уақыт Перуде тұрған қаскүнем Мәскеу тұрғынымен есірткі контрабандасы туралы келіскен.

 «Ол Перуде есірткі сатып алып, оны табиғи сабын ретінде халықаралық пошта арқылы, сыбайласымен алдын — ала келісілген мекен-жай бойынша Чувашияға жіберген», — делінген хабарламада.

Ол Ресейге келісімен ұсталды. 1,5 келі есірткі заттары  бар жөнелтім тәркіленді.

Сот ер адамды Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 229.1 бабының 4 бөлігінің «б» тармағында («Есірткі заттардың контрабандасы») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған қатаң режимдегі колонияда сегіз жыл екі ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *