НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың 20 мыңнан астам ізбесары бар, деп Social Development Center қоғамдық қорының корпоративті байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаевқа сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.
«ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталығының ақпары бойынша, Қазақстанда деструктивті діни идеологияның 20 мыңнан астам ізбасары тұрып жатыр. Олардың көбі Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген», — деді Тұрабаев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол еске салғандай, 800-ден астам қазақстандық бірқатар ислам террористік ұйымдарының қатарында соғысып жүр.
«Егер террористік ұйымдар құрамында ыстық нүктелерге кету бойынша статистиканы алар болсақ, онда 2008 жылы қазақстандықтардың Әл-Каидамен байланысты топтардың құрамына кіру үшін Ауғанстанға кетулерінің алғашқы деректері тіркелді. 2013 жылдан бастап Қазақстаннан кеткен негізгі ағым Сирия мен Иракқа барған, сонымен осы күнге дейін 800-ден астам қазақстандық азамат Ислам мемлекеті, Әл-Каида, Ислам жихад одағы және басқа да террористік ұйымдар қатарында соғысып жүр», — деді ол.