Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰТҚК: Ингушетияда жойылған содырлар лаңкестік шабуылдарды жоспарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  Ингушетияда жойылған содырлар республика аумағында лаңкестік шабуылдар жасауды жоспарлаған. Олардан қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығы хабарлады,деп REGNUM жазады.

 «Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жеке басы анықталған бандиттер республика аумағында бірқатар лаңкестік бағыттағы қылмыстар жасамақ болған», — делінген ҰТҚК таратқан хабарламада.

Қақтығыс болған жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілер  табылды. Қазіргі уақытта аумақты тексеру жалғасуда.

6 тамыз күні Ингушетияның Назран қаласы мен Сагопши кенті аумағында лаңкестікке қарсы операция жүргізілді. Осы елді мекендерде содырлардың болуы туралы  ақпаратты пысықтау барысында қауіпсіздік күштері аумақты қоршап алып, олардың үйлердің бірінде жасырынып жүргендерін анықтады.

Бандиттерге қарсылықсыз берілуге ұсынылды, бірақ олар қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырды. Қарсы оқ ату нәтижесінде олардың екеуі жойылып, үшіншісі ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *