ҚОСТАНАЙ, 10 тамыз. Қостанай облысында синтетикалық есірті сатқан ер адам ұсталды, — деп Polisia.kz сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.
4 тамызда 28 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірті сатты деген күдікке ілінді. Ер адамды тексеру барысында одан 97 zip-пакетик анықталды. Күдікті ескірткіні скутерде ғана емес, пәтерде де сақтаған.