НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз. Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясындағы лаңкестік шабуыл нәтижесінде алдын-ала мәліметтер бойынша бес адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп Dawn жаңалықтар сайтына сілтеме жасап Анадолу жазады.
Полициядағы дереккөз жарылыстың Чаман қаласында болғанын хабарлады.
Лаңкестер миналанған мотоциклді қолданған.
Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.