НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Сәрсенбі күні Сомали астанасы Могадишода болған жарылыс салдарынан бір адам қаза болды, екіншісі жарақат алды. Бұл туралы Сомали Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Жарылыс Вабери ауданында болды. Жарылғыш зат жол жиегіне орнатылған және жол талғамайтын көлік өткен кезде іске қосылды. Қаза тапқан мен жараланған адам көлікте болған. Олардың жеке басы туралы ақпарат жарияланбайды.
Осы лаңкестік әрекет айдың басынан бері Могадишо орталығында төртінші болды. Алдыңғыларын «Аш-Шабаб» исламистік тобы ұйымдастырған.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Сомали астанасы Могадишода әскери базаның жанында қатты жарылыс болды. Жарылыстың эпицентрі Варта Набадда ауданындағы Бар-Аян қиылысына жақын тас жолда орналасқан . Куәгерлер әскери базаның аумағында көлікті жарып жіберген жанкешті туралы хабарламаларды таратуда.