Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Нұр-Сұлтанда жасырын есірткі зертханасы жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. 2020 жылғы 30-31 шілдеде ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар.

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.

Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *