НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Тәжікстанмен шекарада ауған әскери күштері «Талибан» шабуылына тойтарыс берді, деп «Памир» ауған ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз хатшысы Ходи Джамолуға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады.
Лаңкестік шабуыл 14 тамыз күні таңғы 6:30 -да Бадахшан провинциясының Куф-Аб үезінің аумағындағы армия мен полиция күштеріне жасалған.
Ауғанстан әскери күштерінің әрекеті нәтижесінде 10 содыр өлтірілді, 6 адам жараланды, 4 адам тұтқынға алынды.
Содырлардан 1 гранатомет, 1 Калашников автоматы және басқа да қару алынды.
Сәтсіз қақтығыстан кейін тәлібтер* шегінді. Ауғанстан армиясы тарапынан құрбан болғандар және/немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
* Талибан — Қазақстанда тыйым салынған ұйым