НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз. Сомалиде бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуыл және артынан шыққан қақтығыста 17 кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Ұлттық ақпаратта шыққан хабарларға қарағанда астана Могадишодағы бір қонақүйге бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған жанкешті шабуылдан кейін қақтығыс шықты.
Оқиғада алғашқы санаққа қарағанда 17 кісі қаза тапты, 30 кісі жарақат алды.
Аймаққа жолданған қауіпсіздік күштері мөлшермен 200 адамды құтқарды.
Шабуыл үшін жауапкерлігті Аш-Шабаб лаңкестік ұйымы мойнына алды.
Сомалидің оңтүстігіндегі көптеген ауыл мен қалашықты жаулап алған Аш-Шабаб лаікестік ұйымы қауіпсіздік қызметкерлері мен бейуаздарды нысанаға алған шабуылдарды жиі-жиі ұйымдастырып келеді.