НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Сейсенбі күні Ауғанстан астанасының орталығында бірнеше миномет снарядтары жарылды, деп Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Жарылыстардан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп хабарланады.
Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі көлікке мінген белгісіз біреулер Кабулдың тұрғын аудандарын минометтен атқан .
Елде әрекет ететін экстремистік топтардың ешқайсысы әлі болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.