Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда трансұлттық есірткі картелінің мүшесі 13 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз.Тәжікстан азаматы есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық топқа қатысқаны үшін 13 жылға сотталды, деп Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

Прокуратураның хабарлауынша, есірткі тобы Тәжікстан мен Ауғанстан азаматтарынан құралған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Куляб қаласында 2016 жылдың қараша айында үш азамат әрі қарай сату үшін Ауғанстаннан есірткі тасымалдау арнасын құру туралы келісімге келген.

Есірткіні қылмыскерлерге Ауғанстан тұрғыны Камолиддин валади Тути жеткізіп тұрған. 2016 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні ер адам қарулы сыбайласымен бірге Тәжікстан аумағына апиын, гашиш және каннабис салынған қаптарды алып өткен.

Есірткі партиясын полиция қызметкерлері 5 желтоқсан күні Хамадони ауданы тұрғынының үйінің шатырынан тапты. Жалпы тәртіп сақшылары 63,5 келі гашиш, 2,6 келі апиын және 1,5 келі каннабис тәркіледі.

2016 жылы қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда, сол кезде қатысушылардың бірі-Курбонали Ширинов жасырынып үлгерді.

Қылмыскер 2020 жылдың ақпан айының басында ұсталды. Душанбе гарнизонының соты Шириновты кінәлі деп таныды және қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *