НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Жұмаға қараған түні Кипрдің Пафос қаласында екі жарылыс болды. Бұл туралы Кипр полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
31 жастағы әйелге тиесілі көлік түнгі сағат 3-те жарылды. Содан бірнеше минут өткен соң, 28 жастағы ер адамның үйдің ауласында тағы бір жарылыс болды.
Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, жарылыс салдарынан көлік пен үйге айтарлықтай зиян келтірілген. Зардап шеккендер туралы хабарланбаған.
Болған оқиғаларды тергеуімен Кипрдің Пафос әкімшілік округінің қылмыстық тергеу бөлімі айналысады.