Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Красноярск қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Сот Красноярск тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп таныды және оны алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды, деп Білім беру ортасы мен Интернет желісіндегі экстремизм мен  терроризмге  қарсы ақпараттық әрекет ету ұлттық орталығының сайтында хабарланған.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы бұған дейін түзеу мекемесінде бола тұра исламды қабылдап, террористік әрекетке белсенді түрде шақыра бастады. Босатылғаннан кейін, сотталушы әлеуметтік желідегі парақшасында террористік әрекеттерге шақыру белгілері бар және басқа діни топтарға зорлық жасау қаупі бар пікірлер жариялаған.

Қылмысты Ресейдің ФҚҚ Красноярск өлкесі бойынша басқармасының қызметкерлері ашты. Қылмыстық іс Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-бөлігі бойынша (террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау және ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде Интернет желісін пайдалана отырып жасалған терроризмді насихаттау) қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *