НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелерін қаржыландырды деген күдікпен тәжік азаматтарын ұстады. Бұл туралы аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Ресейдің Нижний Новгород облысы бойынша ФҚҚБ Тәжікстан азаматтарын ұстады. Тоб басшысы «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР — да тыйым салынған ұйым) мүшелеріне қаржылық көмек көрсетті деп күдіктенеді», — делінген хабарламада.
ФҚҚБ мәліметтері бойынша, Нижний Новгородта тұратын жақын шетелден келген азамат бірнеше рет электрондық төлем жүйелері арқылы Ауғанстандағы лаңкестік ұйымдарға қаражат аударған.
Аталған факті бойынша РФ ҚК 205.1-бабы («Лаңкестік әрекетке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Сот Тәжікстан азаматына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — делінген хабарламада.