Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Байқоңырда есірткі саудалаған көп балалы ана 6 жылға сотталды

БАЙҚОҢЫР, 23 тамыз. Байқоңырда есірткі саудасымен айналысқан 43 жастағы көпбалалы анаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Байқоңыр қаласының 1977 жылғы тұрғыны, көпбалалы ана қылмыс үстінде ұсталды. Ол қала аумағында есірткі сатумен айналысқан», — делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің ірі көлемде «кептірілген марихуана» сатқаны анықталды.

Прокуратура қызметкерлері әйелдің есірткі шеккен күйде ұсталғанын атап өтті.

«Қылмыстық істі тергеу барасында ол өз кінәсін толығымен мойындады», — деп нақтылады прокуратурадан.

Кінәсін мойындағанына және кішкентай төрт баласының барына қарамастан, сот әйелді алты жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

«Сотталушының кәмелетке толмаған балалары Байқоңыр қаласының білім басқармасының қамқорлығына берілді», — деді прокуратурадағылар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *