НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Бейсенбі күні кешке Марокко полициясы елдің ең үлкен қаласы Касабланка маңында 13 тонна марихуананы тәркіледі. Бұл туралы Корольдіктің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Мәлімдемеге сәйкес, полиция Касабланка маңында екі көліктен 13 тонна есірткі тауып, халықаралық есірткі тобына қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.
Құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеуді жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында қарасораны заңсыз өсіруге байланысты қиын жағдай туындайды. Соңғы онжылдықта полиция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге және есірткі трафигіне қарсы күресті күшейтіп, көптеген марихуананы тәркіледі. Полицияның хабарлауынша, мароккалық марихуананың көп бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен жеткізіледі.