НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Филиппиннің оңтүстігіндегі Холо қаласында болған екі жарылыстан кем дегенде тоғыз адам қаза болды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, бірінші жарылыс түскі уақытта азық-түлік дүкенінің жанында болған, ал екіншісі бір сағаттан кейін бірінші оқиға болған жерден 70 метр қашықтықта орналасқан шіркеу жанында болған.
Алғашқы жарылыс қалалық алаңда кеңсе ғимаратының алдында тұрған әскери жүк көлігінің жанында болды. Нәтижесінде бес әскери қаза тапты.
Провинцияның әскери арнаулы күштерінің өкілі капитан Рекс Пайоттың айтуынша, қаза тапқан сарбаздар коронавирустық пандемиямен күресті үйлестіретін жергілікті билікке көмектескен.