Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

41 жастағы ақтөбелік ауласында қарасора өсірген

АҚТӨБЕ, 24 тамыз. “Қарасора 2020″ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген ақтөбелік полицейлер өсіруге тыйым салынған өсімдікті үй ауласына еккен қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты тексеру барысында “Мәскеу” ауданындағы жеке үйдің ауласынан “Қарасора” тәрізді 20 өсімдік бұталары табылды. 41 жастағы үй иесі өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді жеке пайдалану үшін өсіретінін айтты.

Тәркіленген қарасора бұталары бойынша сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

“Қарасора-2020” жедел алдын-алу шарасы басынан өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 10 фактісі анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *