НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Түркия қауіпсіздік күштері «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына қатысы бар деген күдікпен алты адамды ұстады. Бұл туралы Türkiye газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Баспаның хабарлауынша, қауіпсіздік күштері Кайсери провинциясындағы Девели ауданында терроризмге қарсы операция жүргізді .
Ұсталғандардан ИМ тобының (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қызметі туралы құжаттар мен насихаттық материалдар сандық және қағаз түрінде табылды. Олардың ұлты көрсетілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркия қауіпсіздік күштерінің көктем-жаз мезгілінде жүргізген операциялары барысында 115 лаңкес залалсыздандырылды : олардың 109-ы жойылды, қалғандары ұсталды.