НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. Киевте тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына күдікті екі адамды ұстады, деп қалалық Ұлттық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
«Днепропетровск және Черкасск облыстарының тумалары кірген топ анықталды. Екі ер адам, аса қауіпті есірткі — каннабис жасау мақсатында заңсыз қарасора егіп, өсірді», — делінген хабарламада.
Ұсталғандар есірткіні Киев, Днепропетровск және Черкасск облыстары мен Киев қаласында сатқан, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тінту кезінде күдіктілерден 50 келі марихуана мен 700 қарасора бұтасы тәркіленді.