Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның оңтүстік-шығысында терроризмге қарсы Yıldırım операциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Түркияның Ішкі істер министрлігі Диярбакырда 1495 қызметкер қатысқан “Йылдырым-7 Лиже” терроризмге қарсы операциясын бастады, деп TRT жазады. 

Министрлік хабарлама жариялап, КЖП лаңкестік ұйымды толығымен жою және аймақтағы лаңкестерді залалсыздандыру мақсатымен Диярбакыр қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан операция басталғанын білдірді.

Операцияда Диярбакыр қалалық жандармерия қолбасшылығындағы жандармерия жасақтары, жандармерия арнайы жасақтары,  полиция арнайы жасақтары мен қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 1495 қызметкердің міндет алғаны айтылды.

Ел көлемінде терроризмнің толығымен жойылуына бағытталып жүргізілген “Йылдырым” 1-2-3-4-5-6 операциялары шеңберінде бүгінге дейін 31 террористтің залалсыздандырылғаны айтылған хабарламада 48 үңгір, баспана мен қойманың жойылғаны,  көптеген оқ-дәрі мен қару-жарақ, азық-түлік пен материалдардың тәркіленгені білдірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *