НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Ауғанстанның Пактия провинциясында Талибан содырлары полиция басқармасына шабуыл жасады. Шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.
Пактия провинциясы әкімшілігінің мәлімдемешісі Абдул Рахман Мангел содырлардың Данд Патан ауданындағы полиция басқармасына шабуыл жасағанын айтты.
Абдул Рахман Мангел Талибан шабуылы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын, бір қорғаушының жараланғанын білдірді.