Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Түркиядағы ДАИШ лаңкестерінің «әмірі» қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Түркияда ДАИШ лаңкестік ұйымының «әмірі» қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .

«Тінту кезінде содырдан зиянкестік әрекеттердің маңызды жоспарлары анықталды», — деп Сойлу өзінің Twitter-дегі парақшасында полицияға ризашылығын білдіріп жазды.

Сойлу ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қамауға алынған басшысы нұсқамаларды Ирак пен Сириядан алғанын атап өтті. Атап айтқанда, оған Түркиядағы зиянкестік және лаңкестік  әрекеттер мақсатында 10-12 адамнан тұратын топтар құру тапсырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 25 тамызда Түркияның қауіпсіздік күштері Кайсери орталық провинциясының Девели ауданында  «Ислам мемлекеті» лаңкестік  тобына қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *