НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. АҚШ-та Флорида штатының тұрғыны жағажайда серуендеп жүрген кезінде күдікті пакеттерді тауып, полицияға хабарлады. Бұл 35 келі кокаин болып шықты, деп жазады Репортер UA CNN-ге сілтеме жасап.
Американдық шекара қызметі Голливуд жағажайынан 30 пакет есірткі тәркіледі. Сарапшылардың пікірінше, тыйым салынған заттың құны миллион доллардан асады.
«Мұндай пакеттер штаттың жағажайларында көп кездеседі, өйткені контрабандашылар Мексика шығанағы мен Флорида-Кис архипелагын есірткі тасымалдау үшін пайдаланады», — деді Майамидің бас патрульдік агенті Джон Модлин.
Биылғы жылдын шілде мен тамыз айларында Майамидегі шекара қызметі жағалаудан 95 келіден астам кокаин тәркіледі .