Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда деструктивті діни ағымның жақтаушылары шетелдіктен жарты миллион теңге бопсалаған

АТЫРАУ, 03 қыркүйек.  Атырау полицейлері шетелдіктен ақша бопсалап алмақ болған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда белгісіз екеу өздерінің қаржылық жағдайларын түзетуді адам бопсалау арқылы шешпек болған. Бірақ ойлары іске аспай, полицияның қолына түсті.

24 тамыз күні белгісіз екеу қала аумағында Өзбекстан елінің азаматына күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап еткен. Онымен қоймай, жәбірленушіні өздерімен бірге ертіп жүрген. Олардың қолдарынан босап шыққан 44 жастағы азамат сол күні полицияға арызданған. Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Атырау қаласының 1983 жылы туған тұрғыны мен Жылыой ауданының1979 жылы туған тұрғынын ұстады. Айғақ зат-бопсалап алған ақша алынды.

Ұсталғандардың бірі Жылыой ауданының бұған дейін бірнеше рет сотталған тұрғыны тергеу абақтысына, екіншісі үй қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің “Бопсалау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, тексеру кезінде ұсталған екеудің деструктивті діни ағым ұстанушылары екені анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *