НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасындағы тұтқын алмастыру аяқталды, деп TRT жазады.
Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Жавид Файсал Талибан мен үкімет арасында жүргізілген тұтқын алмасудың аяқталғанын білдірді. Талибанның қолындағы арнайы жасақ әскерлері босатылғаннан кейін 400 сарбаз еркін жіберілді. Файсал қалған бірнеше сарбаздың да жақында босатылуы үшін дипломатиялық кездесулердің жалғасуда екенін білдірді.
Файсал осылайша тұтқын алмастыру процесінің аяқталғанын, Талибанмен келіссөзге отыру үшін ешбір кедергі қалмағанын атап көрсетті.
Америка Құрама Штаттары мен Талибан арасында 29 ақпан күні қол қойылған бейбітшілік келісімі шеңберінде Талибанның бес мың мүшесіне қарымжы ретінде мың ауған тұтқынның еркін жіберілуі керек еді. Аталмыш бес мың Талибан сарбазының арасында ауыр қылмыстарға араласқан 400 кісінің еркін жіберілуі 7 тамыз күні Кабулда бас қосқан Ауғанстан халық мәжілісінде ауызбіршілікпен қабылданған еді.
Талибанмен келіссөз жүргізетін делегацияның төрағасы Мұхаммед Масум Станикзей келіссөз делегациясының дайын екенін білдірді.