НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек.Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы Маарат Мысрин ауылындағы базарда болған лаңкестік әрекет салдарынан 11 бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Anadolu .
Азаматтық қорғаныс басқармасының («Ақ каскалар») мәліметінше, лаңкестер мотоциклге орнатылған жарылғыш құрылғыны іске қосқан.
Жарақат алғандардың арасында екі бала бар.
Жарылыс салдарынан жақын жердегі ғимараттар бүлінді.
2020 жылғы 5 наурыздағы түрік-ресей келісімі бойынша Идлиб деэскалация аймағында атысты тоқтату режимі жарияланды.