Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тараздың 51 жастағы тұрғынынан 19 кг жуық марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 04 қыркүйек. Тараздық тұрғынның көлігінен 18 келі марихуана табылды, — деп Polisia.kz-Кке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.

Портал мәліметінше, 30 тамызда полиция қызметкерлері Audi маркалы көлікті тоқтатқан. Жүргізушіден бөлек көлікте тағы үш жолаушы болған. Қасында үлкен сөмке тұрған жолаушылардың бірінің әрекеті полицейлердің назарын аударған. Тексеріс барысында сөмкеден есірткі заты табылған, ал сараптамадан кейін оның 18,7 келі марихуана екені анықталған.

Жолаушы — Тараздың 51 жастағы тұрғыны. Ол есірткі заты барын мойындаған. Күдікті ұсталып, Тараздағы уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *