НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, алты адам қаза тапты, деп Tolo News-ке сілтеме жасап zakon.kz жазады.
Оқиға Шерзад ауданында болған. Әйел мен бес бала қаза тапты. Тағы төртеуі, соның ішінде екі әйел мен бір бала жарақат алды.
Ел аумағында әрекет ететін топтардың ешқайсысы да жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Ауғанстанда үкімет күштері мен «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары қарсы тұруда, содырлар елдің ауылдық жерлеріндегі едәуір аумақты басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады.
Сондай-ақ, ел аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйым) ықпалы күшейді. Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша терроризмге қарсы бірлескен операцияларды жүргізуде.