Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Багдад халықаралық әуежайы жексенбі күні кешке зымыранмен атылды. Бұл туралы Shafaq News жаңалықтар порталына сілтеме жасап TACC хабарлады .

Жаңалықтар порталының ақпараты бойынша, Ирак астанасының әуе айлағына Багдадтың батысындағы Әбу-Грейб аймағынан үш ракета атылған. Олардың біреуі әуежайдың азаматтық аймағындағы автотұраққа құлап, төрт көлік зақымдалды.

Әзірге құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ. Шабуылдың мақсаты әуежай аумағында орналасқан  американдық және ирактық әскерлері тірек еткен әскери аэродром болған.

Соңғы айларда шетелдік әскерлер орналасқан Ирак базалары, ең алдымен американдық, сондай-ақ Бағдадтағы АҚШ елшілігі бірнеше рет зымырандық шабуылдарға ұшырады. Олардың қарқындылығы қаңтар айының басында АҚШ Әскери-әуе күштерінің Бағдад әуежайының маңындағы соққысынан Ислам революциясының сақшылары корпусының «Әл-Кудс» арнайы күштерінің қолбасшысы (Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімдері) Касем Сүлеймани мен Ирак шиит жасағының «Әл-Хашд аш-Шааби» басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандистің өлімінен кейін айтарлықтай өсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *