НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Сауд Арабиясының қылмыстық соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына (ҚР тыйым салынған ұйым) жақтас болып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған үш экстремисті өлім жазасына кесті. Бұл туралы Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Телеарна ақпараты бойынша, өлім жазасы айыпталушыларға «ИМ-ін (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қолдағаны және патшалық аумағында қауіпсіздік қызметкерлерін өлтіруді жоспарлағаны үшін» шығарылған.
Экстремистер Сауд Арабиясының Джидда қаласында полиция бөлімшелерінің жарылыстарын ұйымдастыруды жоспарлаған.