Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбұлдағы лаңкестік әрекетті орындаушы 1368 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Стамбулдағы  бір ойын-сауық орталығында 2017 Жаңа жыл мерекесін тойлағандарға жасалған және 39 адам қаза тапқан террор шабуылымен байланысты күдікті Машариповтың сот үкімі жарияланды. Ол 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру және қосымша 368 жылға сотталды, деп TRT жазады. 

Стамбул 27-ші Қылмыстық сот қараған қылмыстық іс күдіктілердің соңғы түсініктемелері алынған соң үкім жарияланды.

Сот алқасы шабуылды жасаған Абдулкадир Машариповты «Атазаңды бұзу» және араларында полиция қызметкері Бурак Йылдыз да бар 39 кісіні «қасақана өлтіру» айыбымен 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру.

Қамаудағы Машарипов сондай-ақ 79 кісіге қарсы «қастандық әрекеті» мен «құжатсыз қару алып жүру» айыптарымен тағы мың 368 жыл бас бостандығынан айырылу және 375 мың түрік лирасы айыппұлмен сотталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *