НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Бішкекте ТМД елдерінің бірінде аса ауыр террористік қылмыстар жасады деген күдікпен іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады.
«3 қыркүйекте Бішкекте жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде шетел азаматы Н.А.А. ұсталды. Оның Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекте жасырынғаны анықталды» делінген хабарламада.
Ұсталған адам МҰҚК-нің абақтысына қамалды . Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.