НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек.Колумбияның батысында елдің Қарулы Күштерінің кем дегенде екі өкілі минаның жарылуы салдарынан қаза болды. Бұл туралы La FM радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС жазады.
Радиостанция ақпараты бойынша, оқиға Тумако муниципалитетінде (Нариньо батыс департаменті) болған. Әскерилер жарылғыш зат іске қосылған кезде құрамында есірткі заттары бар өсімдік егістерін жою операциясына қатысқан. Оқиға орнында екі сарбаз қаза тапты.
Билік бұл оқиға бойынша тергеуді бастады. Радиостанция атап өткендей, аталған ауданда заңсыз бүлікші және қылмыстық топтар белсенді әрекет етеді.