НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек.Түркия мен Иран аймақтағы лаңкестермен күреске, соның ішінде КЖП содырларына қарсы бірлескен операциялар ұйымдастыруға дайын, деп жазады Anadolu агенттігі .
Бұл туралы сейсенбі күні екі ел президенттерінің төрағалығымен бейне-конференция режимінде өткен Түркия-Иран жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 6-шы отырысының бірлескен декларациясының мәтінінде айтылған.
Декларацияда Анкара мен Тегеран экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда өсімін қалпына келтіруге дайын екендігі де атап өтілген.