НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек.Владивосток қаласының соты терроризмге қатысы бар деп Өзбекстан азаматшасын сегіз жылға соттады, деп Приморье өлкесінің терроризмге қарсы комиссиясына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады .
«2012 жылдан бері Владивостокта тұратын Өзбекстан Республикасының азамшасы террористік әрекеттерге жәрдемдескені үшін сегіз жылға сотталды», — деп хабарлады уәкілетті органның баспасөз қызметі.
Әйел радикалды ислам ағымдарының ізбасарымен әлеуметтік желіде танысқан. Ол әйелге Сириядағы соғыс туралы «айтып», мұқтаж жандарға көмектесу үшін ақша керек екенін түсіндірді. Айыпталушы қаскүнемге 95 мың рубль аударды. Аймақтық терроризмге қарсы комиссия атап өткендей, ақшаны террорист қару сатып алуға жұмсаған.
Өзбекстан азаматшасы «Террористік қызметке жәрдемдесу» бабы бойынша сотталғандығы атап өтілді .